Әзірбайжанда өлді деп танылған тұрғын мәйітханада тірілді
Әзірбайжанның Джалилабад облысында өлді деп жарияланған ер адам мәйітханаға жеткізіліп, кейін оның тірі екені белгілі болды,- деп хабарлайды newsroom.kz
Report.az хабарлағандай, 34 жастағы ер адам өз үйінде жансыз күйде табылған. Дәрігерлер оны өлді деп жариялады.
"Мәйіт аудандық сот-медициналық сараптама және патологиялық анатомия бірлестігі бөліміне жеткізілді. Алайда мекемеде ер адамның өлмегені, ес-түссіз күйде екені белгілі болды. Ол дереу Жалилабад аудандық орталық ауруханасына жеткізілді", - делінген хабарламада.