Еуропарламент депутаты АҚШ-тан Бостандық мүсінін қайтаруды талап етті
Француздық солшыл еуропалық депутат Рафаэль Глюксман АҚШ-ты 19 ғасырда француздар АҚШ-қа берген Бостандық мүсінін қайтаруға шақырды. Бұл туралы France 24 мәлімдеді,- деп хабарлайды newsroom.kz
Бостандық мүсіні 1886 жылы 28 қазанда Нью-Йорк айлағында француз халқының Америкаға сыйы ретінде Американың Тәуелсіздік Декларациясының жүз жылдығын атап өту үшін ашылды. Оны француз Огюст Бартолди жасаған. Парижде Сенадағы шағын аралда мүсіннің әлдеқайда кішірек көшірмесі бар.