Мәдениет

Наурыз-2025: Шымкент қаласында қалай тойланады?

Шымкент қаласында биылғы Наурыз ауқымды тойланады деп жоспарлануда,- деп хабарлайды newsroom.kz

• 17 наурыз – Мәдениет және ұлттық дәстүрлер күні

Қаратау дәстүрлі өнер мектебі, 11:00 – «Күміс қалам» республикалық жас ақындар мүшәйрасы.

• 18 наурыз – Ұлттық киім күні

Астана алаңы, 11:00 – ұлттық киімдер фестивалі, отандық дизайнерлердің көрмесі.

• 19 наурыз – Жаңару күні

Шым Сити шағын ауданы – «Таза өлке» және «Рахмет, Жер ана!» экологиялық акциялары.
Қала бойынша 1000 түп ағаш отырғызылды.

• 20 наурыз – Ұлттық спорт күні

Қалалық спорт алаңдары – ұлттық ойындар мен жарыстар.

• 21 наурыз – Ұлыстың ұлы күні Наурыз

Астана алаңы мен қала аудандары, 10:00 – мерекелік концерттер, этникалық ауыл, қолөнер көрмелері.
Астана алаңы, 19:00 – эстрада жұлдыздарының қатысуымен гала-концерт.

• 22 наурыз – Жыл басы күні

10:00 – «Бесікке салу» рәсімі.
14:00 – «Жарамазан Fest» республикалық байқауы.

• 23 наурыз – Тазалық күні

Қала бойынша сенбілік өтіп, аулалар мен көшелер тазаланады.