Куйеуін ынтық ету әйелдің өз қолында

22 Наурыз, 2020 526 0

"Күйеуім бұрынғыдай емес", " куйеуім мені қаламайды", "күйеуім төсекте әлсіз", - дегенді оқып, өзімше ой түйдім. Төсек деген екі адамның тәні мен жаны бірге жақындасатын орын. Ол екі адамның бірге жан рахатына бөленуі. Бір-біріне көңілі толмаған деген дұрыс емес. 

Жалпы болашақ ана немесе қыз-келіншектерге өз ақылымды жеткізсем" деп осыны жариялауымызды өтінді біздің тұрақты оқырманымыз.

Ия, бұл тақырып бұрын ұят саналатын. Құрбылар арасында талқыланбайтын. Ешкім кеңес бермейтін. Қазір барлығы өзгеше және өз ойыңмен бөлісу дұрыс деп санаймын. Оның ешқандай өрескелдігі жоқ. Төсек ләззаттына тояттамау барлық жас жұбайдың арасында болатын мәселе. Оны дер кезінде екеуара ашық айтып, бөліскен дұрыс. Егер ол мәселе айтылмаса, еркектің түзде қыдыруы, әйелдің күйзелуі, шаңырақтың шайқалуына алып келері анық. 
Жалпы жұбайлардың арасындағы ыстық сезім, ерлі-зайыптылық міндеттер "мың бір түндегідей" шытырман оқиғаға толы болу керек. Еркекті қызықтыратын, оны өзіңізге ынтық ететін қылығыңыз. Ертең несімен қызықтырады деп зарыға күтетіндей тәнті қылған дұрыс. Еркек өзі бастасын деп әйелдер күтуді әдетке айналдырады. Ол дұрыс емес. Тізгінді өз қолыңызға алыңыз. Жұмыстан шаршап келіп, ұйқыға кетсе, құшақтаңыз, аймалаңыз, осылайша көрпенің бүлкілдеуін өзіңіз реттеңіз. Таңертең де солай оятыңыз. Сізді қимай, түскі асқа уйіне асығып тұратын болады. Осылайша ынтызарлықты арттыру үшін оқиға орны мен сценарий керек. Еркекті бір сарынмен жалықтырып алмау керек. Сонда сізбен өткізген әр минуты қымбат болары анық.

Тегтер: Әйел, төсекләззаты, отбасы

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.