“Ең мықты төлқұжаттар рейтингі”: Қазақстан қай орында?
Henley & Partners 2025 жылдың ақпанында жаңартылған рейтингін шығарды. Рейтингтік сарапшылар ЕАЭО және Орталық Азия елдерінің төлқұжат рейтингін құрастырды,- деп хабарлайды newsroom.kz
Рейтинг бойынша әлемдегі ең әлсіз паспорттар Таяу Шығыс пен Африка елдерінің төлқұжаттары болып табылады.
• Ауғанстанда 25, Сирияда 27, Иракта 30 елмен визасыз режим бар.
• Пәкістан (32 ел), Йемен (32 ел), Сомали (33 ел), Непал (38 ел), Ливия (39 ел), Бангладеш (39 ел) және Палестина аумақтары (39 ел). Солтүстік Корея мен Эритрея паспорттары 40 елге, ал Судан, Шри-Ланка және Иран паспорттары 42 елге визасыз жүруге мүмкіндік береді.
• 2025 жылы Henley Passport Index көшбасшысы Сингапур болып табылады, оның төлқұжаты 193 ел мен аумаққа визасыз кіруге мүмкіндік береді. 190 мемлекетпен Жапония мен Оңтүстік Корея екінші орында. Үшінші орынды бірнеше Еуропа елдері - Дания, Финляндия, Франция, Германия, Ирландия, Италия және Испания бөлісті, олардың азаматтары алдын ала визасыз 189 елге бара алады.
• Төртінші орынға тек Еуропа елдері – Австрия, Бельгия, Люксембург, Нидерланды, Норвегия, Португалия және Швеция кірді, олардың паспорттары 188 елге кіруге мүмкіндік береді. Үздік бестікті 187 елден тұратын Греция, Жаңа Зеландия және Швейцария түйіндейді.
• Орталық Азия және Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің ішінде Ресей ең мықты төлқұжатқа ие: ол 114 елге визасыз кіруге мүмкіндік береді, бұл 45-ші орында. Одан кейін әлем бойынша 60-шы орында тұрған Беларусь (80 ел) келеді. Қазақстан 76 елге визасыз немесе оңайлатылған кіру мүмкіндігімен Эсватинимен теңестірілген 62-орында.
Олардан кейін Армения (67 ел), Қырғызстан (63 ел), Өзбекстан (61 ел), Тәжікстан (56 ел) және Түркіменстан (49 ел) тұр.