Қазақстан аймақтарында алтынның құны қанша?
Қазақстандықтар арасында мерекеде алтын бұйымдарға сұраныс жоғары болады. Еліміздің аймақтарындағы алтынның құнын назарға ұсынамыз,- деп хабарлайды newsroom.kz порталы Kazinform сайтына сілтеме жасап.
Жыл өткен сайын бағалы металл құны қымбаттап келеді. Ұлттық статистика бюросының деректеріне сүйенсек, 2024 жылы алтын бұйымдар бағасы 8,3% өсті. Әлем нарығында да бағалы металл құны көтерілген.
Қазіргі кезде Қазақстан аймақтарында баға грамына 20 000 мен 80 000 теңге аралығында. Біз бұл жолы 585 және 583 сынамасының құнын білдік.
• Еліміз бойынша ең қымбаты Атырауда болып шықты. Мұнда 585 сынамасындағы алтынның грамы 80 мың теңгеге дейін жетеді. Ал ең арзаны Шымкент қаласында болып шықты. Алтын бұйымның грамы мұнда 20 000 -25 000 теңге тұрады.
• Қарағанды, Орал, Көкшетау, Қызылорда мен Таразда 585 сынамасындағы алтын грамының бағасы 30 000 теңгеден басталып, 50 000 теңгеге дейін жетеді.
• Алматы, Жезқазған, Ақтау, Ақтөбе, Павлодар, Петропавл, Қостанай, Өскемен, Талдықорған, Қонаев және Түркістанда баға сәл жоғары. Мұнда бір грамм алтын 33 000 теңгеден басталып, 50 000 теңгеге дейін жетеді.
• Астана, Атырау және Семейде баға өзгелерге қарағанда жоғары. Бағалы металл грамы бұл қалаларда 40 000 теңгеден басталып, 80 000 теңгеге дейін жетеді.
Сонымен бірге сауда орындарынан әлі де 583 сынамасындағы алтын бұйымдарды кездестіруге болады. Бұл әшекейлердегі алтын грамының бағасы 17 000 мыңнан басталып, 44 000 теңгеге дейін жетеді.
Сынамасы 583 болатын алтынның грамы Шымкентте 17 000 теңге тұрады. Ал Таразда 43 000 теңге деп көрсетілген. Қазақстанның өзге қалаларында баға 20 000 - 35 000 теңге теңге аралығында.
Айта кетейік 2024 жылы алтын құймалар көп сатылған өңірлер: Алматы (32 735 дана, 69%), Шымкент (5 200 дана, 11%) және Қарағанды (2 209 дана, 5%).