Жаңалықтар

Көктемгі су тасқынынан тас жолдары бұзылып жатыр

Жетісу облысы Ақсу ауданында көктемгі су тасқыны салдарынан екі автожол учаскесі бүлінді. Жергілікті билік жағдайды реттеу үшін шұғыл түрде қалпына келтіру жұмыстарын бастады, деп хабарлайды newsroom.kz порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап. 

Оқиға орнынан түсірілген бейнежазба әлеуметтік желіде тарады. Бейнежазба авторы – жергілікті тұрғын, ол су өткізгіш құбыр маңындағы жол жамылғысының бұзылғанын көрсетіп, кадрлардың Ақсу – Ойтоған тасжолында түсірілгенін айтады.  

Видео авторының айтуынша, ол жолда пайда болған үлкен шұңқырға түсіп кете жаздаған. Жергілікті әкімдік жағдайды бақылауға алып, жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.