Президент Дариға Тілендиеваның жақындарына көңіл айтты
Ел басшысы Дариға Тілендиеваның өмірден өтуіне байланысты көңіл білдіргенін хабарлайды newsroom.kz порталы.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет қайраткері, атақты музыкант және компазитор, «Отырар сазы» академиялық оркестрінің негізін қалаушы Нұрғиса Тілендиевтің жары Дариға Тілендиеваның қайтыс болуына байланысты оның жақындары мен туған-туыстарына көңіл айтты.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.