Өзбекстанда жер сілкінісі тұрғындарды шошытты
Ташкентте жер сілкінісі тіркелді,- деп хабарлайды newsroom.kz порталы upl.uz сайтына сілтеме жасап.
Ведомствоның мәліметінше, жер асты дүмпулері бүгін, 12 наурызда сағат 06:16-да (Ташкент уақыты бойынша) сезілген. Жер сілкінісінің ошағы Ташкент ауданында (Ташкент облысы) болды. Магнитудасы M=3,6, ал тереңдігі 10 км. Елорданың әртүрлі аудандарында жер сілкінісінің магнитудасы екі-үш балл аралығында болды.
Мәліметтерге сүйенсек, жер сілкінісінен тұрғындардың көбі үрейленген.