АҚШ пен Ресей Украина мәселесі бойынша келіссөз жүргізеді
АҚШ пен Ресей Украина бойынша кездесу өткізуді жоспарлап отыр деп хабарлайды newsroom.kz порталы.
Сондай-ақ, Дональд Трамп Джидда қаласында өткен делегациялар келіссөзінің қорытындысы бойынша бірнеше маңызды мәлімдеме жасады:
"Ресейдің атысты тоқтатуға келісетінінен үміттенеміз", – деді ол.
Сонымен қатар, осы апта ішінде Ресей президенті Владимир Путинмен жеке сөйлесуді жоспарлап отырғанын және Украина президенті Владимир Зеленскийді Ақ үйге қайта шақыруға дайын екенін жеткізді.
Егер Ресей атысты тоқтатуға көнбесе, Украинадағы қақтығыс жалғасатынын айтты.
Алдағы келіссөздердің нәтижесі халықаралық қауымдастықтың назарында.
Айта кетейік, бұған дейін АҚШ-Украина басшыларының кездесуі жанжалмен аяқталып, Зеленский АҚШ-пен минералдық ресурстар бойынша келісімге қол қоймастан кетіп қалған болатын.
Өткен бір апта Зеленский үшін, Украина үшін өте ауыр болған. Америка әскери қару-жарақ беруді, сандық мәліметтерді бөлісуді тоқтатқан еді. Бұл Ресейге жаңа мүмкіндік бергендей. Украинаға шабуылды барлық бағытта күшейтті.