Қазақстанның ірі қалаларындағы бүгінгі ауа райы қандай болады?
Астана, Алматы мен Шымкенте 12 наурыз күні ауа райы қандай болады? Ауа райы болжамын OpenWeather порталы жария етті,- деп хабарлайды newsroom.kz
Бүгін Алматыда күн ашық болады. Күндіз ауа температурасы 7 градусқа дейін көтеріліп, түнде 0 градусқа дейін түседі. Желдің жылдамдығы 2,3 м/с болмақ.
Астанада синоптиктер болжамынша, күн бұлтты болады. Күндіз ауа температурасы -2 градусқа дейін жетіп, түнде -11 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы – 4,1 м/с болады.
Шымкентте бүгін күн ашық болады деп күтілуде. Күндіз термометр бағаны 17 градусқа дейін жетіп, түнде 2 градусқа дейін түседі. Желдің жылдамдығы 6,0 м/с деңгейінде болмақ.