Алматыда әйел 18 этаждан құлап, қаза болды
Алматыда бүгін таңертең тұрғын үй кешенінен 18-ші қабаттан құлап кетті деген әйелдің мәйіті табылды,- деп хабарлайды newsroom.kz
Оқиға таңғы 6:30 шамасында болған. Алдын ала мәлімет бойынша, марқұмның жасы 25 пен 35 аралығында болған.
Алматы қалалық ІІД баспасөз қызметі Бостандық аудандық ішкі істер бөлімі бұл оқиға бойынша қылмыстық іс қозғағанын хабарлады.
«Оқиғаның себебі мен мән-жайы анықталуда», - деп хабарлады Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі.