Жаңалықтар

Айнұр Тұрсынбаева: Кедей тұрғандықтан бізді ешкім менсінбейтін

Айнұр Тұрсынбаева: Кедей тұрғандықтан бізді ешкім менсінбейтін

Айтыскер ақын, айтыс өнерінің дүлдүлі Айнұр Тұрсынбаева балалық шағы мен бүгінге дейінгі ғұмырын бір сәт атап өтті. Бала шақтан пысық болып өскен қыз жасөспірім шағында-ақ айтысқа шығып, жұлдызға айналды. "Бала күнімде біз жұпыны ғұмыр кештік, сол кезде бізді ешкім менсінбейтін. Мен оларға ерегесіп, "кейін мен жұлдыз болам. Сол кезде өкінесіңдер" деп іштей ызаланатынмын. Кейін солай болды да. Алғашқы көлігімді ұтқан кезде, Семейге барып оқыған мектебімен барып, ұлан-асыр той жасадым. Өкінсін деген жоқпын, бірақ дегеніме жеттім", - деді айтыскер Тұрсынбек Қабатовпен тікелей эфирдегі әңгіме кезінде.  width=
Айтыскердің тасы өрге домалаған шақтарын көпшілік жақсы біледі. Алайда ақын қыз айтыс тоқтап, табыс азайып, қиын күндерді бастан кешкенін жасырмайды. "Пәтерімнің бірін сатып жібердім. Оның ақшасын ұстап қойдым. Жұмыс тоқтап қалды. Сондай тоқырау күндер де болды. Бұрын алған 34 көлік кетер жеріне кетті. 4 ай қатарынан 4 көлік ұтқан кезім болды. Кейде қарсыласыңа сыйлап кетесің. Кейде біреуге бересің, туысың бар деген сияқты олар кетер жеріне кетті", - деді Тұрсынбаева. Ақын өнердегі әріптестерімен көп әзілдесетінін еске алды. "Бірде Бақанасқа айтысқа бардық. Айтыскерлер бір бөлмеде ақылдасып отырса, үлкен кісі кіріп жөн сұрасады. Кімнің қайдан келгенін сұрап жатады. Бекарыс Шойбеков Шымкенттен келгенін айтқанда, шошып түседі. "Шымкенттікілер құрысын, олар өлген қойдың басын қонақтарына бере береді екен" деп сөкті. Сонда Бекарыс "сіз тірі қойдың басын қайдан жеп жүрсің? Қойды сойған соң өлмеуші ме еді?" деген еді", - деп күледі айтыскер. Одан бөлек Балғынбектің әзілін айтады. "Бірде тікелей эфирде тренинг жүргізіп отырсам, Балғынбек "мен төсекке жіберіп қоя берем, оған қандай афермация жасауға болады?" деп жазып отыр", - деп күлді ол. "Бір күні министрліктен хат келіп, Балғынбек екеуің Африкаға барасыңдар. Қазақтың айтыс өнерін ЮНЕСКО-ға енгізеді деді. Қуанып ұшақпен кете бардық. Бірақ жетер жерімізге жете алмай, ақшамызды картадан ала алмай, тіл білмей сандалған едік. Балғынбек өзі қалың киінетін адам. 60 градус ыстықта күйіп, не істерімізді білмедік. Әуежайда Қазақстанға хабарласып кері қайтамыз деп жалындық. Бір қарасам әбден шаршап, қарны ашқан Балғынбек әуежайдың еденінде шапанын төсеп, жерде ұйықтап жатыр. Соған қарап бүйткен ЮНЕСКО-сы құрсын деп күлгенмін", - дейді айтыскер. Айтыскердің айтуынша, өзі жүргізген тренингтің көмегімен көп отбасы шаңырағын сақтап қалған. Ерлі зайыпты қайта қосылған. Өзіне алғыс айтқан үлкен танымал азаматтар да бар екен. "Бірде маған бір әйел алғысын айтты. Оның жолдасы жол апатынан екі аяғы, бір қолынан айырылған азамат екен. Үде отырғасын әйелін қызғанатын болған. Арада жанжал болып ажырасуға жеткен. Сол кезде менің әңгімелерімді тыңдап, райынан қайтқан екен. Тіпті күйеуінің жігерленгені сонша су жүзіп, чемпион атанған. Осылай алғысын айтатын жұрт көп. Бірде елге танымал үлкен азамат келді. Қызы енесімен ата жау болып, үйіне қайтып келе берген екен. Сол қызы менің сабағымды тыңдап, тату тәтті отбасына айналған. екен. Мен 40 жыл бере алмаған тәрбиені 2 сағатта сен бердің деді", - деді Айнұр Тұрсынбаева. Сілтеме