Еліміздің мегаполистерінде бүгінгі ауа райы қандай болады?
Астана, Алматы мен Шымкенте 11 наурыз күні ауа райы қандай болады? Ауа райы болжамын OpenWeather порталы жария етті, деп хабарлайды newsroom.kz
Бүгін Алматыда күн ашық болады. Күндіз ауа температурасы 9 градусқа дейін көтеріліп, түнде -4 градусқа дейін түседі. Желдің жылдамдығы 2,8 м/с болмақ.
Астанада синоптиктер болжамынша, аздап қар жауады. Күндіз ауа температурасы -1 градусқа дейін жетіп, түнде -8 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы – 7,2 м/с болады.
Шымкентте бүгін күн ала бұлтты болады деп күтілуде. Күндіз термометр бағаны 14 градусқа дейін жетіп, түнде 1 градусқа дейін түседі. Желдің жылдамдығы 3,4 м/с деңгейінде болмақ.