Жаңалықтар

Абай облысының бір ауылында сұмдық қалың қар жауды

9 наурыз күні Абай облысы Үржар ауданы Қазымбет ауылында қалың қар жауды,- деп хабарлайды newsroom.kz

Бұл ақпарат әлеуметтік желідегі бейнежазбада жарияланған. Бейнежазба сүйенсек, Қазымбет ауылына үй төбесіндей қалың қар жауған көрінеді.

Айта кетелік, демалыс күндері Қазақстанның барлық өңірінде ауа райы нашарлап, қалың қар жауып, боран болды, оңтүстік өңірлерді тұман басты. Қазгидромет 11 наурызда да ауа райы қолайсыз болады деп ескерту жіберді.