Аймақтар

Павлодар облысында жантүршігерлік жол апаты болып, бір адам қаза тапты

9 наурыз күні Павлодар – Семей тасжолында, Аққулы ауылынан 12 шақырым жерде екі көліктің қатысуымен жол-көлік оқиғасы болды, деп хабарлайды newsroom.kz порталы. 

Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, жол апаты салдарынан Toyota Corolla Spacio көлігінің жүргізушісі ауыр жарақат алып, ауруханада көз жұмды.

Аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі таңда тергеу жүргізіліп, жол апатының мән-жайы анықталуда.

Полиция департаменті жол қозғалысына қатысушыларды жылдамдық режимін сақтауға, ауа райының өзгерісіне байланысты барынша мұқият болуға шақырады. Сондай-ақ, мұндай қайғылы оқиғалардың алдын алу үшін көлік құралдарының техникалық жағдайын үнемі тексеріп отырудың маңыздылығын ескертеді.