Әлем

Әзербайжанда 3 жасар бала суы бар ваннаға батып кетті

Әзербайжанда 3 жасар бала суы бар ваннаға батып, көз жұмды,- деп хабарлайды newsroom.kz

Оқиға Балакен ауданындағы Ханифа ауылында орын алған.

Бала 2022 жылы туылған. Ата-анасының үйінің ауласында су толтырылған ваннаға құлап кеткен.

Оқиға салдарынан бала суға тұншығып, қайтыс болды.

Бұл оқиғаға қатысты тергеу жүріп жатыр.