Жаңалықтар

Қазақстанның мегаполистерінде бүгінгі ауа райы қандай болады?

Астана, Алматы мен Шымкенте 10 наурыз күні ауа райы қандай болады? Ауа райы болжамын OpenWeather порталы жария етті, деп хабарлайды newsroom.kz

Бүгін Алматыда қар жауады. Күндіз ауа температурасы 5 градусқа дейін көтеріліп, түнде -2 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы 2,8 м/с дейін жетеді деп болжанады.

Синоптиктердің болжамы бойынша Астанада да қар жауады. Күндіз ауа температурасы -4 градус, түнде 20 градусқа дейін аяз күтіледі. Желдің жылдамдығы – 10,2 м/с-қа жетеді.

Шымкентте бүгін күн ашық болады деп болжанып отыр. Күндіз термометр бағаны 12 градусқа дейін жетіп, түнде 1 градусқа дейін түседі. Желдің жылдамдығы 3,8 м/с деңгейінде болмақ.