Елорда

Италия Президенті Қазақстанға ресми сапармен келді

Италия Президенті Серджо Маттарелла Қазақстанға ресми сапармен келді, деп хабарлайды newsroom.kz порталы Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Италия Президентінің ұшағы Елорда әуежайына қонды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Серджо Маттарелланы өзі қарсы алды. Кейін екі ел басшылары келіссөздер залына өткені хабарланды.

Айта кетейік, соңғы рет қос мемлекет басшысы 2024 жылдың қаңтарында Римде кездескен еді. Ол сапар екі ел арасындағы стратегиялық әріптестіктің 15 жылдығымен тұспа-тұс келіп, Қазақстан мен Италия арасындағы саяси, экономикалық және мәдени байланыстарды нығайтуға бағытталған болатын.