Жаңалықтар

Қазақстанда қанша әйел қай салада жұмыс істейді?

2024 жылғы статистика бойынша, Қазақстанда 4 370 715 әйел түрлі салада жұмыс істейді,- деп хабарлайды newsroom.kz

"Бұл — жалпы жұмыспен қамтылған халықтың 48,3%-ы. Олардың 3,4 миллионы жалданып істесе, 940 мыңы өзін өзі жұмыспен қамтыған"- делінген Ұлттық статистика бюросының мәліметінде. 

Барлық жұмыспен қамтылған әйелдердің:

• 20%-ы білім беру саласында;

• 19,6%-ы көтерме және бөлшек саудада; 

• 9,7%-ы ауыл шаруашылығында; 

• 9,6%-ы денсаулық сақтау және халыққа әлеуметтік қызмет көрсету саласында;

• 7,8%-ы өнеркәсіпте; 

• 1,6%-ы ақпарат және байланыс саласында жұмыс істеді.

Айта кетелік, бюро мәліметінше, Қазақстанда 10 381 377әйел адам бар, бұл еліміздегі жалпы халық санының 51,1%.Соңғы он жылда әйелдер саны 15,2% өсті:

• Әйелдердің 64,4% қалаларда, 35,6% – ауылдық жерлерде тұрады.

• Әйелдер саны бойынша өңірлер арасында Алматы алда келеді – 1,2 млн әйел. Екінші орында Түркістан облысы – 1 млн әйел, ал үшінші орында 803 мың аруы бар Астана.