Әлем

Түркияда 10 қаңғыбас ит екі жасар қызды талап тастады

Түркияның Конья қаласында екі жасар сириялық Рана Эль Миникке он қаңғыбас ит шабуыл жасады,- деп хабарлайды newsroom.kz порталы DHA агенттігіне сілтеме жасап.

Оқиға сағат 18:30 шамасында орталық Қаратай ауданы, Басақ ықшам ауданында, Шехит Ердал Өзчелик көшесінде болды. Туыстарына отбасымен баруға барған Рана Ел Миникке он шақты қаңғыбас ит шабуыл жасаған. Оқиғаға қатысты тергеу жалғасуда.