Қазақстанға бір жылда 93,5 миллион долларға гүл әкелінді
2024 жылы Қазақстан жалпы сомасы 93,5 миллион долларға 12,3 мың тонна кесілген гүлдер мен бүршіктерді импорттады. Салыстыру үшін айтсақ, 2023 жылы гүл импортының құны 61,2 миллион доллардан астам немесе 8,2 мың тоннаны құрады,- деп хабарлайды newsroom.kz
Қазақстанға гүлдер 53 елден, негізінен Еуропа, Оңтүстік Америка және Африкадан әкелінді.
• 2024 жылы ең ірі гүл жеткізушілері: Эквадор – 6,4 мың тонна, Нидерланды – 2,3 мың тонна, Қытай – 1,1 мың тонна, Колумбия – 978 тонна және Кения – 975 тонна болды.
• 2024 жылы Қазақстан ТМД елдеріне 1,5 мың тонна гүл шоқтары мен бүршіктер экспорттаған.