Наурыз көже қалай дайындалады?
Наурыз көже - Ұлыстың ұлы күні жасалатын қасиетті ас. Оған тары, арпа, бидай, бұршақ, күріш сияқты жеті түрлі дән мен ақ қосылады. Түркі халықтарының ұғымында жеті саны қасиетті саналғандықтан, наурыз көжеге жеті түрлі дәм қосылады. Оған қоса, ол - тоқшылық пен ырыс құттың жоралғысы. Осы мақалада наурыз көженің даярлану үлгісін назарға ұсынамыз,- деп хабарлайды newsroom.kz
Құрамы:
• 0,5 кг жылқы еті
• 100гр қазы
• 0,5кг қой еті
• 2,5лит су
• 100 грамм бидай
• 100 грамм күріш
• 100 грамм жарма
• 100г тары
• тұз;
• айран-1 стақан;
• құрт
Наурыз көже дайындау әдісі:
Етті жуып, қазанға суға саламыз. Су бір қайнағанда көбігін алып, тұздаймыз. Ет піскенше отын басып қоямыз. Күріш, бидай, жарма тарыны қосып, пісіреміз. Барлығы піскен соң айранды құйып жақсылап араластырамыз.