Бішкекте автобус оқушы қызды қағып кетті
Бішкекте №52 жолаушылар автобусы оқушы қызды қағып кетті,- деп хабарлайды newsroom.kz
Оқиға бүгін, 3 наурызда шамамен сағат 14:10-да елорданың 12-ші шағын ауданында болды. Куәгердің айтуынша, автобус жүргізушісі қызды зебра өткелінде жолдан өтіп бара жатқанда қағып кеткен. Оқиға орнына келген дәрігерлер баланы ауруханаға жатқызды.
UPSM баспасөз қызметі 24.kg агенттігіне жол-патрульдік полиция қызметкерлері жол-көлік оқиғасы орнында жұмыс істеп жатқанын хабарлады.