Жаңалықтар

Шенеуніктер Chat GPT ге алаңдаулы

Бұл туралы Мәжіліс отырысында депутат Анас Баққожаев мәлімдеді. Ол жаңа технологияларға үлкен сақтықпен қарайтынын, кейде тіпті қорқыныш сезінетінін айтты.

Депутаттың айтуынша, ол өзі мемлекеттік қызметкердің ChatGPT қолданғанын көрген. Оның пікірінше, бұл арқылы мемлекеттік құжаттар желіге "ағып кетуі" мүмкін.

– ChatGPT-тің артында кім тұр? Оның бенефициары кім? Жиналған материалдардың бізге қарсы қолданылмайтынына кім кепілдік бере алады? Мемлекеттік органдар бұған назар аударып отыр ма? – деп сұрақ қойды ол.