Маңғыстауда пойыз адамның аяғын қырқып кеткен
Оқиға 28 ақпанға қараған түні Боранқұл станциясында болған. Жапа шеккен азамат аудандық ауруханаға жеткізілді
Бұл туралы бейнематериал әлеуметтік желіде таралды. Бейнематериалды адамның аяғын қырқып кеткені анық көрініп тұр. Осыған байланысты ҚТЖ темір жол маңында жол жүру ережелерін қатаң сақтауды ұсынды.
2025 жылдың қаңтар-ақпан айларында темір жолда 10 адамды басып кеткен, олардың төртеуі мас болған. Ал 2024 жылы осындай 75 оқиға орын алыпты.
Оқиғалардың негізгі себептері:
- Теміржол арқылы өту ережелерін бұзу
- Мас күйде жүру
- Құлаққапты пайдалану
- Теміржол маңында немқұрайлылық таныту
- Суицид
Жалпы зардап шеккендердің 23-і мас болған.