Қазақстанға танымал жұлдыздар тәртіпке бағынуға шақырады

22 Наурыз, 2020 216 0

Елімізді дүрліктірген індеттің белең алуы ешкімді бей-жай қалдырмағаны рас. Оның ішінде елімізге танымал тұлғалар да бар. Президентіміздің бастамасын қолдаған жұлдыздар, әрбір адам өз денсаулығына аса мән беріп, сақтық шараларын сақтауға үндеу тастады. 
Танымал әнші Мөлдір Әуелбекова, Ернар Айдар, "Мұзарттағы" Мейрамбек Беспаев пен Кенжебек және "Жігіттердегі" Ердостар, тележүргізуші Динара Сәтжан, Баян Алакөзовалар медициналық маска тағып, Instagram парақшаларына жүктеп қойған. 
Мақсат төтенше жағдайға бағынып, өзінің де өзгенің де денсаулығына  мән беріп, ауызбіршілікпен сынақты жеңіп шығу екенін алға тартады.
Қазақстанға белгілі әзілкеш Тұрсынбек Қабатов болса жанұясымен карантинде қарап отырмай, медициналық маскаларды қолдан тігіп, тегін таратуға шақырды.
"Еліміздегі соңғы алған оқиғаға жүрегіміз ауырып отыр. Тәртіпке бағынған құл болмайды" деп Бауыржан Момышұлы айтпақшы, тәртіпке бағынайық. Тәртіпті сақтайық. Үйде отырмыз карантин. Қолымыз бос. Ендеше бос отырмай, дәріханалардан маска таппаған адамдарға көмектесейік. Әншейінде денсаулық тілейміз. Осындайда бірігіп, қолдан тігіп бергеніңді ата-анаңа, бауырыңа, туысыңа тегін таратып бер!"-дейді танымал әзілкеш.

Тегтер: Коронавирус, Əншілер, ТұрсынбекҚабатов, БаянЕсентаева,

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.