Жүк пойызы мен жүк машинасы соқтығысқан
Атырауда жүк пойызы мен жүк машинасы соқтығысқан жер жөнделіп жатыр. Оған 2 жөнде пойызы мен 6 автокөлік жұмылдырылған.
Осы жұмыстарға байланысты “Маңғышлақ-Атырау” және “Ақтөбе-Атырау” жолаушылар пойызы кешігіп келмек.
Атырау облысының әкімдігі жолаушыларды Қарабатан стансасынан Атырау теміржол вокзалына дейін тасымалдайтын 10 автобус шығарды.
Апат салдарын жою жұмыстары әлі де жалғасып жатыр.