Жаңалықтар

Сергелдеңге салған “Сергек” кетеді

2025 жылдың 13 наурызында Астанада 2017 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан “Сергек” жүйесі аяқталады. Оның орнына БАӘ-нің Presight компаниясы жаңа бейнебақылау жүйесін орнатады,- деп хабарлайды newsroom.kz

Жаңа жүйенің артықшылықтары:

• Камералардың көпшілігі тұрақты электрмен жабдықталады.
• Негізгі құрылғылар оптикалық-талшықты байланысқа қосылады.

Жоба аясында:
• 22 000 жалпы бақылау камерасы
• 732 жол қиылысына орнатылған кешен
• 470 жол бойындағы кешен
• 15 түрлі жол ережесі бұзушылығын және 35 түрлі бейнеаналитиканы тіркейтін жүйе іске қосылады.

Айта кетелік, жоба 2030 жылға дейін жалғасады және жасанды интеллект көмегімен көлік қозғалысын оңтайландыруға мүмкіндік береді.