Сәресін ерте ішіп, ауыз бекітуге бола ма?
Ораза – Ислам дініндегі бес парыздың бірі, әрі мұсылмандар үшін рухани және физикалық тазару кезеңі. Оразаны дұрыс ұстау үшін таң атқанға дейін сәресін ішу – маңызды сүннеттердің бірі.
Алайда кейбір адамдар әртүрлі себептермен сәресін ерте ішіп алуға мәжбүр болады. Бұл жағдай оразаның дұрыс болуына әсер ете ме? Сәренің ең қайырлы уақыты қашан? Newsroom.kz тілшісі осы сұрақтарға жауап іздеп көрді.
Ислам шариғаты бойынша, сәресін ішудің ең соңғы уақыты – таң намазының кіруімен аяқталады. Егер бір адам сәресін ерте ішіп, сол күйі ештеңе жемей-ішпей таң аттырса, оның оразасы жарамды болып есептеледі.
Алайда, Пайғамбарымыз (с.а.с.) сәресін мүмкіндігінше таңға жақын уақытқа дейін созған абзал екенін айтқан:
“Адамдар сәресін кешіктіргенше және ауыз ашуды асықтырғанша, олар жақсылықта қалады.” – (Бухари, 1957; Муслим, 1098)
Демек, сәресін кешіктіріп ішу – мұстахап амалдардың бірі. Бұл денсаулыққа да пайдалы, өйткені ұзақ уақыт нәр татпай жүру ағзаға ауыр тиеді.