Жаңалықтар

Оразаны не бұзбайды?

Құрметті оқырман! Қасиетті Рамазан айы қарсаңында оразаға қатысты жиі қойылатын бірқатар сұрақтардың жауабын алдын ала өздеріңізге ұсынғанды жөн көрдік.

Оразаны бұзбайтын жағдайлар:

  1.  Ұмытып ішіп-жеу оразаны бұзбайды. Бірақ ұмытқан адам есіне түскен кезде жеуді дереу тоқтатуы керек;
  2. Ұйқыдан жүніп болып ояну;
  3. Әйелін сүю немесе денесіне қолын тигізуі. Мұндай жағдайларда егер мәни шықпаса, ораза бұзылмайды;
  4. Әйеліне қолын тигізбесе де оған қараудан немесе шәһуәтын қоздыратын жағдайларды ойлап мәни шықса;
  5. Түнде жүніп болып, ғұсыл алуды сәресі уақытынан кейінге қалдыру;
  6. Аузына келген қақырықты жұту;
  7. Түкірік немесе мұрынды тарту арқылы бір нәрсенің тамаққа кетуі;
  8. Құлаққа су кіру, бұлық ағу;
  9. Темекі түтіні немесе топырақ, шаң, ұнның тозаңы, қардың ұшқыны, жауынның тамшылары тамаққа еріксіз кірсе, ораза бұзылмайды;
  10. Тістердің арасында қалған тамақ қалдықтары ноқаттан кішкене болса, оны жұту оразаны бұзбайды;
  11. Еріксіз ауыз толы құсу немесе оның ішке қайта кетуі оразаны бұзбайды;
  12. Қан алдыру немесе сүлік салдыру;
  13. Көзге дәрі тамызу;
  14. Мисуак немесе тіс пастасын қолдану оразаны бұзбайды. Бірақ пастасы ішке кетіп қалса бұзылады. Ең абзалы таң намазы кірмей тұрып тістерді жуу;
  15. Тіс жұлдыру оразаға кедергі жасамайды. Бірақ жұлдырған уақытта ауыздағы қанды яки дәріні жұтпау шарт;
  16. Ауыз бен мұрынға су алып шайқау оразаны бұзбайды. Бірақ тамаққа кетпеуін қадағалау қажет;
  17. Душқа жуыну, теңізге, көлге түсу оразаны бұзбайды. Бірақ су жұтып қоюдан сақтануы керек.