Иммиграциялық емес визаның бірнеше түрі бар: Р (спортшылар мен өнер өкілдеріне арналған), B-1 (іссапарға), J (алмастыру бағдарламасына), K-1 (ерлі-зайыптыларға арналған), M-1 (студенттерге) және B-2 (туризм мен ойын-сауыққа арналған).
Шарттар
B-1/B-2 визасын алуға өтінім берген кез келген адам — сол жақта қалып қоюы ықтималдығы көп адам. Сондықтан иммиграциялық емес виза аларда мерзім біткеннен кейін елден шығып кететіңізді дәлелдеуіңіз керек.
Мыналарды дәлелдеуге тиіссіз:
• АҚШ-қа қысқа мерзімге баратыныңызды, мысалы, іссапар я концертке;
• Белгілі бір мерзімге баратыныңызды;
• Америкада тұруға, қыдыруға ақшаңыз барын;
• Тұрақты тұрып жатқан жеріңіз барын, өзге елде сізге байланысты себептер барын, сол себептердің арқасында АҚШ-тан қайтып кетеніңізді (мысалы, отбасы, мүлік, кәсіп).
Керек құжаттардың тізімі
Іссапар я туризм визасына құжат өткізерде мыналарды апаруыңыз керек:
• Ағылшынша толтырылған DS-160 форма.
Мұқият болыңыз: форманы толтырарда сапар, оқу/жұмыс, отбасы туралы ақпарат жазғанда құжат тапсырып жатқан қаланы көрсетуіңіз керек, егер сол жер мен виза алған жер бір болмаса, сұхбаттасуға шақырылмайсыз.
• Жарамды паспорт
Ол АҚШ-тан қайтқан кейін әлі алты ай жарамды болуы керек. Мысалы, сәуір айында барсаңыз, паспорт қарашаға дейін жарамды болуы керек. Ішінде виза деген парақтардың бірі бос болуға тиіс.
• 5x5 сурет.
Сурет виза алуға өтінім берерден алты ай бұрын түсірілуі керек әрі арты аппақ болуы керек. Діндар болсаңыз, бас киім киіп түсуге болады, бірақ түріңізді жауып тұрмауы керек. Көзәйнек тағып түсуге болмайды. Фото шарттарға сай болмаса, анкетаны онсыз да толтыра бере аласыз. Сұхбаттасу кезеңіне өтсеңіз, соған фотоңызды алып барсаңыз болады.
• Консулдық алымы — 185 доллар. Теңге беріп төлеу керек.