Әлем

Жапония жағалауында сұмдық жер сілкінісі тіркелді

Филиппин теңізінде Хонсю аралының (Жапония) оңтүстігінде магнитудасы 5,9 болатын жер сілкінісі тіркелді,- деп хабарлайды newsroom.kz

Жер сілкінісінің ошағы Исе қаласынан оңтүстікке қарай 95 шақырым жерде орналасқан.

Эпицентрдегі сілкіністің қарқындылығына байланысты жер сілкінісі «қиратушы» деп бағаланады.

АҚШ геологиялық қызметі жер сілкінісінің күшін 5,8 балл деп бағалады.