АҚШ-тан Отанына жеті өзбек азаматы депортацияланды
АҚШ Коста-Рикаға депортациялауды жоспарлаған жеті Өзбекстан азаматы Нью-Йорктен Ташкентке жеткізілді, деп хабарлайды newsroom.kz порталы gazeta.uz сайтына сілтеме жасап.
Америка Құрама Штаттары соңғы апталарда Азия елдерінен, соның ішінде Өзбекстаннан Панама мен Коста-Рикаға жүздеген мигранттарды тасымалдайтын бірнеше депортация рейсін жасады.
Өзбекстан Сыртқы істер министрлігі отандастардың депортациялануы туралы хабарларға түсініктеме бере отырып, өз азаматтарының АҚШ-тан аман-есен оралуы мәселесі бойынша АҚШ және Латын Америкасы елдерінің билік органдарымен байланыста екенін мәлімдеді.