Жексенбіге 7 пайдалы кеңес

22 Наурыз, 2020 82 0

Жексенбі күнді барлығымыз асыға күтеніміз рас. Аптасына бір күнгі демалысқа алдын-ала жоспарлап қоямыз. Кейде барлық үй шаруасын бір жексенбіге үйіп-төгіп қоятынымыз бар. Сондай қателіктерді жібермес үшін немесе жексенбі күнді жақсы өткізу үшін 7 кеңес береміз:
1.Ең алдымен жексенбіні қалай өткізу туралы жоспар құрған дұрыс. Қайда бару керектігін, не істеу керектігін.
2.Жексенбі күнге бар тазалық жұмыстарын істемей күрделікті тазалауға 15-20 минут арнап тұрыңыз. Мәселен бір күні тоңазытқыш жуыңыз дегендей.
3.Жексенбі күні де күнделіктегідей ертерек тұрыңыз. Сонда көбірек демалуға мүмкіндік туады.
4.Осы күні жаныңыз қалағанды істеңіз, өзіңізге көңіл бөліңіз. Өзіңізге ұнайтын пайдалы, тәтті тамақ әзірлеңіз.
5.Жексенбі күнді тек бір ғана жұмысқа арнамаңыз. Күні бойы сериал көріп немесе күні бойы көрші-қолаң аралауға арнамаңыз. Бірнеше істі нақты жоспарлап қойыңыз.
6.Инстаграм мен ватсапты күндегіден аз қарауға әрекет етіңіз. Ағзаңыз да бір сәтке демалсын.
7.Отбасыңызға барынша көңіл бөліңіз. Себебі күнделікті күйбең тірлікпен оларға қажетті көңіл бөлінбеуі мүмкін. Апта бойына қордаланған жұмыстарды тезірек аяқтап, ұзақ демалуға әрекет жасаңыз. Барынша өзіңізді, ағзаңызды шаршатпай, келесі аптаға мол күш-қуатпен кіріссеңіз, апта бойы керемет өтетіні сөзсіз.

Тегтер: Жексенбі, пайдалыкеңес, Жаңалықтар,

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.