Мәдениет

8 наурыз мерекесіне арналған өлеңдер

Біріер күннен соң, көрікті көктем мерекесі 8 наурыз болмақ. Осы орайда нәзік жандыларға арналған өлеңдерді назарға ұсынамыз,- деп хабарлайды newsroom.kz

8-НАУРЫЗ 

Бірің өтіп біріңнен, байқайм анық,  
Кеткенсіңдер құлпырып, пай-пай, нағып?  
Гүлдей жайнап, қыздар-ай, кетесіңдер,  
Көктем келсе кезекті, қайта айналып.

Екінші атын қыздардың – гүл дер-ем мен,  
Гүл сыйлар-ем бәріне, үлгерер ме-ем.  
Сегізінші наурызда ғана бермей,  
Гүлді оларға жарасар күнде берген.

Қара торы, ақ құба, түрлі ажары,  
Бәрі керім, бәрі әсем бір ғажабы.  
Гүлдер-дағы түр-түрлі, қырға шықсаң,  
Қайнағанда көктемде гүл базары.

Ортақ атын қыз бен гүл – көктем дер ме-ек,  
Көктем еді екеуін төккен зерлеп.  
Біріне оның ғашық боп, жүрекке ексең,  
Екіншісін ол жүріп кеткен жерге ек!

Мейлі, сүйіп ұтайық, түк те ұтпайық,  
Қыз құлпырып, гүл өсіп, шықтық байып.  
Арулар мен гүлдердің маусымы ғой,  
Қәне, тұрмай, жігіттер, құттықтайық!

АНАЛАРҒА 

Аналар ардақтысың ақжаулықты. 
Еңбегің зор, ұрпаққа жан-жақтылы. 
Әлдиіңнен әлемнің үнін естіп, 
Үйрендім мейіріңнен даналықты.

Даланың исі аңқып тілегіңнен. 
Дананың сөзі шалқып жүрегіңнен. 
Ханды да, қараны да, төрені де,
Құндақтап ержеткіздің бесігіңнен.

Аналар еңбектерің елге мәлім. 
Отырыңдар қуанып төрге дайым. 
Ақ сүтіңді ақтаймыз, ардақтаймыз, 
Бақыттың бергенсіздер, ерге бәрін.

Батырсың елің үшін жауға шапқан. 
Шешенсің, шежіресің дауға шапқан. 
Бәрі бар өн бойыңда қасиеттің, 
Рухың жанар таудай тулап жатқан.

Еңбегің сақталады ел есінде. 
Жүріңдер жер шарының кемесінде 
Ақжаулық басыңдаңы ардың туы. 
Бастаған берекенің белесіне.

Халықаралық мереке келді міне 

Сегізінші наурызда орын алар, 
Халықаралық мереке келді міне. 
Аналарын құттықтап балалары, 
Жүздеріне нұр сыйлап келді міне. 

Жеңгелерді құттықтап ағаларым, 
Құттықтап жүр әйелін інілер де.
Мерекеде бақытты гүл жайнаған, 
Әпкелер мен қарындас, сіңлілер де. 

Мектептегі сабақ берер балаларға, 
Апайлар да бақытты, гүлдері бар.
Мерекеде концерттік шара болған, 
Шәкірттердің ғажайып үндері бар.

Қуанатын күн бүгін 

Наурыздың бұл сегізі, 
Қуанатын күн бүгін. 
Құттықтаулар ағылып, 
Жұбанатын күн бүгін. 

Сыйлық жасап баласы, 
Анасына беретін. 
Жүрек жарды тілегін, 
Мереке осы теретін. 

Күйеулері әйелін, 
Қуантатын күн осы. 
Тосын сыйлар жасалып, 
Жұбанатын күн осы