Әлем

Түркия мега-яхта өндірісінде әлемде 2-ші орында

Түркия әлемдегі ең ірі мега-яхта өндірушілер рейтингінде екінші орынға көтерілді. Бұл туралы Түркияның көлік және инфрақұрылым министрі Абдулкадир Уралоғлу мәлімдеді,- деп хабарлайды newsroom.kz порталы Anadolu Agency сайтына сілтеме жасап.

«Мәліметтерге сәйкес, әлемде өндірісте немесе тапсырыста тұрған мега-яхталардың жалпы саны 1138-ге жетті, бұл яхталардың жалпы ұзындығы 45 487 метрді құрайды. Соңғы уақытта елімізде жалпы ұзындығы 6410 метр, орташа ұзындығы 43,9 метрді құрайтын 146 тапсырыс түскен. «Жаһандық мега-яхталар салу секторындағы біздің үлесіміз 12,9%», - деді Абдулкадир Уралоғлу .