Қырғызстанда халық саны 7 миллионнан асты
Қырғызстанның тұрақты халқының саны 2025 жылдың қаңтарында 7 миллион 300 мың адамды құрады,- деп хабарлайды newsroom.kz порталы 24.kg сайтына сілтеме жасап.
Ведомствоның мәліметінше, өткен жылы ел тұрғындарының саны 108 709 адамға артқан. 2023 жылы өсім 114 мың 477 адамды құрағанын еске саламыз.