Жаңалықтар

Қазақстанның мегаполистерінде бүгінгі ауа райы қандай болады?

Астана, Алматы мен Шымкенте 22 ақпан күні ауа райы қандай болады? Ауа райы болжамын OpenWeather порталы жария етті,- деп хабарлайды newsroom.kz

Бүгін Алматыда күн ашық болады. Күндіз ауа температурасы 5 градусқа дейін көтеріліп, түнде -7 градусқа дейін түседі. Желдің жылдамдығы 2,0 м/с болмақ.

Астанада синоптиктер болжамынша, күн бұлтты болады. Күндіз ауа температурасы -4 градусқа дейін жетіп, түнде -16 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы – 4,6 м/с болады.

Шымкентте бүгін күн ала бұлтты болады деп күтілуде. Күндіз термометр бағаны 16 градусқа дейін жетіп, түнде 1 градусқа дейін түседі. Желдің жылдамдығы 4,0 м/с деңгейінде болмақ.