Күйеуі бола тұра, өзгеге ғашық келіншектің сыры

22 Наурыз, 2020 809 0

Өзі тұрмыста болса да, өзгеге ғашық болған Сабира есімді келіншекпен сырласып қалдық. Шаңырақ көтергеніне үш жыл болыпты. Тұрмыстағы келіншек шаруадан қолы босамай бақытты корінуші еді, бірақ ол әлдебір уайымға шомған адам секілді көрінді. 

Онымыз бекер болмапты. NewsRoom+ ақпарат агенттігінің тілшісіне сырын ақтарған келіншектің әңгімесін бүкпесіз жариялауды жөн көрдік.

"Неге екенін білмеймін, сізге сырымды ақтаруға тура келді деп бастады. Бізге төсек, махаббат, сезім дегендерді айтуға, өзгемен бөлісуге бала күнімізден ұят болады деп үйретті. Содан да болар өзімізді көп нәрседен шектейміз. Махаббат жылдар өте суиды деген рас па екен?! Білмедім, басым қатып кетті. Күйеуіме өлердей ғашық болмасам да, жақсы танып біліп, тұрмысқа шыққанмын. Қазір де сыйластық, қамқорлық сезімі бар. Алайда"...деп кейіпкеріміз көзіне жас алды.
"Мен басында мән бермедім. Доспыз деп жүріп ортамызда басқа жіпсіз  байланыс бар екенін сездім. Мүмкін менікі қате? Ол жігітті неге көп ойлап кеттім? Көргім, кездескім келеді де тұрады. Жақында үйленеді дегенді есітіп, ішім алай-дүлей болды. Ақылға салып шешкім-ақ келеді. Сол ақылым мен сезімім арпалысып жатқандай! Ішкі сырымды ақтарсам ба екен?! 

Күйеуімді мүлде жаман деп айтпаймын. Бірақ сезімім өзімнен күшті сияқты. Өмір сүру бір ақ рет берілген. Соны жүрегің қалаған адаммен сүргенге не жетсін. Біреу не ойлайды, жұрт не айтады деп жүргенде сол өмір зу етіп өтіп кетпей ме? Құштарлықпен кездесіп, сағынып, ынтық болғанға не жетсін?!"-деп сырын ақтарды Сабира.


Тегтер: Махаббат, отбасы, төсек, келіншек

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.