Жаңалықтар

Еліміздің ірі қалаларындағы бүгінгі ауа райы қандай болмақ?

Астана, Алматы мен Шымкенте 20 ақпан күні ауа райы қандай болады? Ауа райы болжамын OpenWeather порталы жария етті,- деп хабарлайды newsroom.kz

Бүгін Алматыда күн бұлтты болады. Күндіз ауа температурасы 4 градусқа дейін көтеріліп, түнде -5 градусқа дейін түседі. Желдің жылдамдығы 2,1 м/с болмақ.

Астанада синоптиктер болжамынша, күн ала бұлтты болады. Күндіз ауа температурасы -4 градусқа дейін жетіп, түнде -18 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы – 3,8 м/с болады.

Шымкентте бүгін күн ашық болады деп күтілуде. Күндіз термометр бағаны 11 градусқа дейін жетіп, түнде 1 градусқа дейін түседі. Желдің жылдамдығы 2,2 м/с деңгейінде болмақ.