2025 жылдың соңына қарай Жетісу облысында газдандыру деңгейі 71,4%-ға жетеді
Жетісу облысында қазіргі кезде газдандыру деңгейі 56,5% құрайды, яғни 63 елді мекен газдандырылды. Бұл туралы облыс әкімі Бейбіт Исабаев «Jetisy» телеарнасы студиясында облыстық БАҚ өкілдеріне берген кеңейтілген сұхбаты барысында айтты, - деп хабарлайды newsroom.kz
Осылайша 500 мыңнан астам тұрғыны бар 126 елді мекен газға қол жеткізеді.
- Облыс қайта құрылған кезде 5 елді мекенге ғана газ жеткізілген, яғни газдандыру көрсеткіші 29 % болған. Биыл газбен қамтамасыз етілген елді мекендер саны 63-ке жетіп, тұрғындарды газдандыру көрсеткіш 56,5% құрады. Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау аясында жылдың соңына дейін тағы 63 елді мекен газға қосылады, соның ішінде 45 жобаның жұмыстары қазір жүріп жатыр, 18-інің жобалық-сметалық құжаттары дайын. Осы аталған жобалар іске асырылғаннан кейін биылғы жылдың қорытындысы бойынша 500 мыңнан астам тұрғыны бар 126 елді мекенге газ жеткізіп, халықты газдандыру деңгейі 71,4 % болады. Оған қоса «Талдықорған – Үшарал» бағытындағы газ құбырының құрылысын былтыр бастадық. Ол биылғы жылдың соңына дейін бітеді. Ақсу, Сарқан, Алакөл аудандарының 66 елді мекенін газдандыру бойынша жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп жатыр. Магистраль құрылысы біткеннен кейін газ тарту жұмыстарына кіріседі. Соның нәтижесінде 192 елді мекен газдандырылып, облыстың 624 мыңнан астам тұрғыны немесе халықтың 91 пайызы газға қол жеткізеді, - деді Б. Исабаев.