Әлем

АҚШ-та болған сұмдық дауыл: Қаза тапқандар саны 14-ке жетті

АҚШ-тағы күшті дауылдан қаза тапқандар саны 14-ке жетті. Көптеген адамдар гипотермиядан қайтыс болды,-  деп хабарлайды newsroom.kz

Ең қатты зардап шеккен штаттар Кентукки, Джорджия, Батыс Вирджиния және Пенсильвания болды. Онда 80 мыңға жуық үй жарықсыз қалды. Ондаған ғимараттар мен көпірлер қирап, жолдар жабылды. Эвакуация жүріп жатыр. Мыңнан астам адам уақытша орналастыру орталықтарына жеткізілді.