Әлем

Эгей теңізінде жантүршігерлік жер сілкінісі орын алды

Эгей теңізінде 5 балдық жер сілкінісі тіркелді. Бұл туралы Түркияның төтенше жағдайларды басқару агенттігі мәлімдеді,- деп хабарлайды newsroom.kz

Апат көзі 1-5 шақырым тереңдікте орналасқан, бұл оның жанартаулық шығуын көрсетеді.

Құрбандар мен қираулар туралы ақпарат түскен жоқ.

Айта кетейік, қаңтар айынан бастап Эгей теңізінде сейсмикалық белсенділіктің айтарлықтай артқаны байқалады.