Оразаны бұзатын 5 нәрсе қандай?
Оразаны берік, шын ниетпен ұстау – мұсылман үшін үлкен ғибадат. Ауыз бекіткен адам белгілі бір уақытқа дейін ішіп-жеуден және басқа да оразаны бұзатын әрекеттерден сақтануы қажет.
Newsroom.kz тілшісі бұл мақалада оразаны бұзатын бес негізгі нәрсені қарастырды.
- Әдейі бір нәрсені жеп-ішу;
- Темекі шегу, насыбай ату, дәрі ішу, құрамында нәрлі заттары бар укол қабылдау;
- Аузындағы жаңбыр тамшыларын әдейі жұту;
- Әйелімен жақындасу (яғни, таң намазынан ақшам намазына дейін жақындасу оразаны бұзады);
- Cебепсіз қорек немесе қоректік қасиеті бар барлық заттарды біле тұра әдейілеп жеу оразаны бұзады;
Мұндай жағдайларда каффарат оразасын ұстау қажет.
(Каффарат деп – рамазан айының оразасын себепсізден-себепсіз біле тұра бұзып жіберсе, екі ай ораза ұстауды, оған шамасы келмесе алпыс кедейді тамақтандырып, тойғызуды айтады).