Жаңалықтар

18 ақпанға арналған ауа-райы болжамы қандай?

"Қазгидромет" РМК мамандары республикамыз бойынша алдағы сейсенбі, 2025 жылғы 18 ақпанға арналған ауа райы болжамын ұсынды

Қазақстан территориясының басым бөлігінде негізінен жауын-шашынсыз ауа-райы күтіледі,-деп хабарлайды Newsroom.kz тілшісі 

"Тек еліміздің солтүстік-батысында, солтүстігінде атмосфералық фронттардың жылжуына байланысты боран соғып, қар жауады деп күтіледі. Республикамыз бойынша жел соғып, тұман түседі, көктайғақ болады деп күтіледі", – деп нақтылайды "Қазгидромет" РМК.