Түрік актері Озджан Дениз жүрек талмасына ұшырады
Түрік актері әрі әншісі Озджан Дениз жүрек талмасына ұшырады,- деп хабарлайды newsroom.kz
Мәліметтерге сүйенсек, актер «Kızıl Goncalar» («Қызыл бүршіктер») телехикаясының түсірілім алаңында бірден есін жоғалтты.
Сондай-ақ, Денизге алғашқы көмек көрсетіліп, кейін ангиографиядан өткені атап өтілді. Екі аптадан кейін актердің жүрегінің бітеліп қалған артериясына стент орнату үшін қайтадан ауруханаға жатқызуға тура келеді. Қазір ол сауығып кету үшін үйіне шығарылды.