Еліміздің ірі қалаларында бүгінгі ауа райы қандай болмақ?
Астана, Алматы мен Шымкентте 17 ақпан күні ауа райы қандай болады? Ауа райы болжамын OpenWeather порталы жария етті,- деп хабарлайды newsroom.kz
Бүгін Алматыда аздаған қар жауады. Күндіз ауа температурасы 0 градусқа дейін көтеріліп, түнде -7 градусқа дейін түседі. Желдің жылдамдығы 1,2 м/с болмақ.
Астанада синоптиктер болжамынша, күн ақша бұлтты болады. Күндіз ауа температурасы -7 градусқа дейін жетіп, түнде -15 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы – 5,7 м/с болады.
Шымкентте бүгін күн ала бұлтты болады деп күтілуде. Күндіз термометр бағаны 7 градусқа дейін жетіп, түнде -6 градусқа дейін түседі. Желдің жылдамдығы 3,1 м/с деңгейінде болмақ.