Әскер

АҚШ армиясында трансгендерлерге қызмет етуге тыйым салынды

АҚШ армиясы трансгендерлерге Қарулы күштер қатарында қызмет етуге тыйым салды,- деп хабарлайды newsroom.kz

Бұл шешім Трамптың АҚШ армиясында трансгендерлік қызметке тыйым салу, сондай-ақ тек екі жынысты - ер мен әйелді мойындау туралы жарлығына байланысты.

«АҚШ армиясы бұдан былай трансгендерлердің Қарулы Күштерге қосылуына рұқсат бермейді және бұдан былай әскери қызметшілер үшін гендерлік ауысу процедураларын жүргізбейді немесе жеңілдетпейді», - делінген АҚШ әскері X әлеуметтік медиа платформасындағы мәлімдемеде.