Ресей мен Өзбекстан арасындағы тауар айналымы 10 миллиард доллардан асты
Ресей мен Өзбекстан арасындағы тауар айналымы өткен жылы 10 миллиард доллардан асты. Бұл туралы Ресейдің Орталық Азиядағы сауда өкілі Константин Злыгостев мәлімдеді,- деп хабарлайды newsroom.kz
Соңғы алты жылда елдер арасындағы тауар айналымының көлемі екі есеге жуық өскені баса айтылды.
Мәскеу мен Ташкент алдағы бес жылда сауда байланыстарын 30 миллиард долларға дейін ұлғайтуды көздеп отыр.
Тараптар әсіресе энергетика, тамақ өнеркәсібі және химия өнеркәсібіндегі тауарлар мен технологияларды қарқынды түрде алмасуы мүмкін.